Қазақстан

Загрузка ...

 

 http://okis.ru/?p=153117

 

Қазақстан картасы

Орталығы: Астана қаласы

ҚАЗАҚ ЕЛІНІҢ АТА ЗАҢЫ

Қазақстан Республикасының Конституциясы   Қасым ханның қасқа жолы.

Есім ханның ескі жолы.

Тәуке ханның - жеті жарғысы.

Тура биге төрелігін айтқызу. «Тура биде туысқан жоқ».

Әділ қазыға жүгіну.

(Бұл заңдардың түпнұсқасына, мазмұнына қатысты мәліметтерді іздестірудемін.)

Конституция

Қазақ АССР ының конституциясы.

Қазақ КСР ының конституциясы.

Қазақстан Республикасының Конституциясы.

Бұл конституциялар туралы мәліметтер жеткілікті, жазылған. Оларды кітәпханалар мен кітәп дүкендеріндегі кітәптардан, ғаламтордан алуға болады.

 

ЖЕТІ ЖАРҒЫ

 

Қазақ ордасының алғашқы ата-заңдардың бірі деп есептелетін Жеті Жарғы!     

Қанға қан алу, яғни біреудің кісісі өлтірілсе, оған ердің құнын төлеу (ер адамға - 1000 қой, әйелге - 500);

Қанға қан алу, яғни біреудің кісісі өлтірілсе, оған ердің құнын төлеу (ер адамға - 1000 қой, әйелге - 500);

ұрлық, қарақшылық, зорлық-зомбылыққа өлім жазасы кесіледі, жазаны ердің құнын төлеу арқылы жеңілдетуге болады;

денеге зақым келтірсе, соған сәйкес құн төленеді (бас бармақ - 100 қой, шынашақ - 20 қой);

төре мен қожаның құны қарашадан 7 есе артық төленеді;

егер әйелі ерін өлтірсе, өлім жазасына кесіледі (егер ағайындары кешірім жасаса, құн төлеумен ғана құтылады, мұндай қылмысты екіқабат әйел жасаса, жазадан босатылады);

егер ері әйелін өлтірсе, әйел құнын төлейді;

ата-анасы өз баласының өлімі үшін жауапқа тартылмайды, ал анасы баласын қасақана өлтірсе, өлім жазасына кесіледі;

өзіне-өзі қол салғандар бөлек жерленеді;

егер екі қабат әйелді атты кісі қағып кетіп, одан өлі бала туса: бес айлық бала үшін - бес ат, 5 айдан 9 айға дейнгі балаға - әр айына 1 түйеден (анықтама үшін 100 түйе - 300 атқа, немесе 1000 қойға тең);

әйел зорлау кісі өлтірумен бірдей қылмыс болып есептеледі. Мұндай қылмыс үшін еріне, немесе қыздың ата-анасына құн төленуге тиіс, егер жігіт өзі зорлаған қызға қалың төлеп, үйленсе жазадан босатылады;

егер ері әйелін көзіне шөп салу үстінде ұстаса, өлтіруге хақылы, бірақ қылмысты сол сәтінде жария етуге тиіс, әйелін көзіне шөп салды деп күмәнданған еркектің сөзін 4 сенімді адам теріске шығарса, әйел күнәсыз деп табылып, жазадан босатылады;

біреудің әйелін күйеуінің келісімінсіз алып қашқан адам өлімге бұйырылады, немесе ердің құнын төлейді, егер әйелдің келісімімен әкетсе күйеуіне қалың төлеп, қосымшасына қалыңсыз қыз беруге тиіс;

әйелді ренжіткен адам одан кешірім сұрауға тиіс, сұрамаса арсыздығы үшін айып салынады;

қан араластыру (жеті ата ішінде) өлімге, немесе ағайындар белгілеген жазаға бұйырылады;

құдайға тіл тигізген (жеті адам куәлік берсе) таспен атып өлтіріледі;

кәпір болған адам мал-мулкінен айырылады;

құл өмірі құнсыз, ол қожайынның билігінде;

ата-анасына тіл тигізген ұлды мойнына құрым байлаған күйі қара сиырға теріс мінгізіп, өзін қамшымен сабап, ауылды айнала шапқылатады, ал қыз қол-аяғы байланып, анасының билігіне беріледі;

ұрлық жасаған адам үш тоғызымен қайтаруға тиіс;

ерінің ұрлығын біле тұра хабарламаған әйел мен баласы жазаға тартылмайды, өйткені үлкеннің үстінен шағым айту әбестік саналады;

өсиет ағайындар мен молданың қатысуы арқылы жасалады;

барымтадан қайтқан мал төлімен қайтарылуға тиіс;

дауды шешу билер мен ақсақалдарға жүктеледі;

куәлікке екі немесе үш адам жүреді;

билерге билік айтқаны үшін кесілген малдың оннан бірі тиесілі;

егер айыпкер айыбын төлемесе, оны ру басының рұқсаты арқылы барымтамен алуға болады;

ұрлық пен кісі өлтіруді қоса жасаған адам екі бірдей жазаға тартылады.

 

Мемлекеттің Рәміздері

Туы

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК ТУЫ - Қазақстан Республикасының мемлекеттiк негiзгi рәмiздердiң бiрi. ҚР Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы" конституц. заң күшi бар Жарлығымен (24.1.1996) белгiленген. Мемл. ту көгiлдiр түстi тiк бұрышты кездеме. Оның ортасында арайлы күн, күннiң астында қалықтаған қыран бейнеленген. Ағаш сабына бекiтiлген тұста - ұлттық оюлармен кестеленген тiк жолақ өрнектелген. Күн, арай, қыран және ою-өрнек - алтын түстi. Тудың енi ұзындығының жартысына тең. ҚР мемл. туының авторы - суретшi Шәкен Ниязбеков. Бiрыңғай көк-көгiлдiр түс төбедегi бұлтсыз ашық аспанның биiк күмбезiн елестетедi және Қазақстан халқының бiрлiк, ынтымақ жолына адалдығын аңғартады. Бұлтсыз көк аспан барлық халықтарда әрқашан да бейбiтшiлiктiң, тыныштық пен жақсылықтың нышаны болған. Геральдика (гербтану) тiлiнде - көк түс және оның түрлi реңкi адалдық, сенiмдiлiк, үмiт сияқты адамгершiлiк қасиеттерге сай келедi. Ежелгi түркi тiлiнде "көк" сөзi аспан деген ұғымды бiлдiредi. Көк түс түркi халықтары үшiн қасиеттi ұғым. Түркi және әлемнiң өзге де халықтарындағы көк түстiң мәдени-семиотик. тарихына сүйене отырып, мемл. тудағы көгiлдiр түс Қазақстан халқының жаңа мемлекеттiлiкке ұмтылған ниет-тiлегiнiң тазалығын, асқақтығын көрсетедi деп қорытуға болады. Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейдi. Күн - қозғалыс, даму, өсiп-өркендеудiң және өмiрдiң белгiсi. Күн - уақыт, замана бейнесi. Қанатын жайған қыран құс - бар нәрсенiң бастауындай, билiк, айбындылық бейнесi. Ұлан-байтақ кеңiстiкте қалықтаған қыран ҚР-ның еркiндiк сүйгiш асқақ рухын, қазақ халқының жан-дүниесiнiң кеңдiгiн паш етедi.

Елтаңбасы (Гербі)

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК ГЕРБI, елтаңба - Қазақстан Республикасының негiзгi мемлекеттiк рәмiздерiнiң бiрi. ҚР Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы" конституц. заң күшi бар Жарлығымен (24.1.1996) белгiленген. Рәмiздiк тұрғыдан ҚР мемл. гербiнiң негiзi - шаңырақ. Ол - гербтiң жүрегi. Шаңырақ - мемлекеттiң түп-негiзi - отбасының бейнесi. Шаңырақ - Күн шеңберi. Айналған Күн шеңберiнiң қозғалыстағы суретi iспеттi, Шаңырақ - киiз үйдiң күмбезi көшпелi түркiлер үшiн үйдiң, ошақтың, отбасының бейнесi. Тұлпар - дала дүлдiлi, ер-азаматтың сәйгүлiгi, желдей ескен жүйрiк аты, жеңiске деген жасымас жiгердiң, қажымас қайраттың, мұқалмас қажырдың, тәуелсiздiкке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесi. Қанатты тұлпар - қазақ поэзиясындағы кең тараған бейне. Ол ұшқыр арманның, самғаған таңғажайып жасампаздық қиялдың, талмас талаптың, асыл мұраттың, жақсылыққа құштарлықтың кейпi. Қанатты тұлпар Уақыт пен Кеңiстiктi бiрiктiредi. Ол өлмес өмiрдiң бейнесi. Бiр шаңырақтың астында тату-тәттi өмiр сүретiн Қазақстан халқының өсiп-өркендеуiн, рухани байлығын, сан сырлы, алуан қырлы бет-бейнесiн паш етедi. Бес бұрышты жұлдыз гербтiң тәжi iспеттi. Әрбiр адамның жол нұсқайтын жарық жұлдызы бар. Қ. р. м. г-нiң авторлары - Ж.Мәлiбеков пен Ш.Уәлиханов.

 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны

 

сөзі: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев

әні: Шәмші Қалдаяқовтыкі

Алтын күн аспаны,  
Алтын дән даласы,  
Ерліктің дастаны,  
Еліме қарашы!  
Ежелден ер деген,  
Даңкымыз шықты ғой.  
Намысын бермеген,  
Қазағым мықты ғой!

Қайырмасы:  

Менің елім, менің елім,  
Гүлің болып егілемін,  
Жырың болып төгілемін, елім!  
Туған жерім менің - Қазақстаным!

Ұрпаққа жол ашқан,  
Кең байтақ жерім бар.  
Бірлігі жарасқан,  
Тәуелсіз елім бар.  
Қарсы алған уақытты,  
Мәңгілік досындай.  
Біздің ел бақытты,  
Біздің ел осындай!

Қайырмасы:  

Менің елім, менің елім,  
Гүлің болып егілемін,  
Жырың болып төгілемін, елім!  
Туған жерім менің - Қазақстаным!

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақ елінің мемлекеттік мейрамдары

 

1,2Қаңтар-----------Жаңа жыл.                                                          

8Наурыз.     Халықаралық әйелдер мейрамы                                                                

21,22,23 Наурыз.---Наурыз мейрамы. Жыл басы.                                                       

1 Мамыр.------------Қазақстан халықтарының ынтымағы мен бірлігі күні.

 7 Мамыр.-----------Қазақстан қарулы күштері күні.

 9 Мамыр. ----------Жеңіс күні.                                                                                                           

 31 Тамыз. ---------Конституция күні.

16 Желтоқсан. -----Тәуелсіздік күні.

 

 Кәсіптік мерекелер

1 Маусым. ---------Халықаралық, балаларды қорғау күні

1 Қыркүйек. -------Білім күні.

22 Қыркүйек  -----Тіл мерекесі.

1 Қазан. -----------Қарттар күні.

Қазанның бірінші сенбісі-----------------Мұғалімдер күні.

 

 Қала күндері

6 Маусым ------------------------------------Астана қаласы күні.

Қазанның бірінші жексенбісі -------Алматы қаласы күні.

 

 Діни мерекелері

Құрбан айт мейрамы.-------------------------3 күн болады.

 Ораза айт мейрамы. ------------------------3 күн болады.

 

 Бұрын болған мейрамдар

25 Қазан.      Республика күні болған. 2009жылы алып тастады.

7 Қараша -  Ұлы октябрь революциясы күні. 1991 жылы алып тастады.

23 Ақпан -   Кеңес армиясы күні------1991 жылы алып тастады.

 

 12 Мамыр 2009 жыл.                         Құрастырған: Тұрдыақын Тайқожа.

 

 http://okis.ru/?p=153117