Жаңылтпаштар

Загрузка ...

Жаңылтпаштар

ӘЛІПБИ

А-Я

Жаңылтпаштар

А

Арқада алты арқар бар,

Қырқада қырық арқар бар.

Қырық арқарда ақ арқар бар.

Алты арқарда марқа арқар бар.

 

Ә

Әбдіреде әбігер әтеш отыр.

Әбігер әтеш отырған

Әбдірені әжем ашып жатыр.

 

Б

Бала бал арасын қуалады,

Бал арасы баланы қуалады.

Мұзафар Әлімбаев.

 

В

Вова Васяның вагон ойыншығын алып,

Васяға вагон ойыншығын Вова бермеді.

 

Г

Гүлім гүлге қарап

күлімдеді,

Көгілдір гүлге қонған

аралар гуілдеді.

 

Ғ

Ғарышкер ұшты ғарышқа.

Ғарышқа ұшты ғарышкер.

Айтшы, ғарыш алыс па?

 

Д

Доп деп,

Дөп теп.

 

Е

Ескекті ескекші еседі,

Ескекші ескекті еседі.

Мұзафар Әлімбаев.

 

Ё

Щётканы Сёма сатып алды.

Серёжа мен Лёва оны

тартып алды.

 

Ж

Жаға жай,

Жағажайда -

Қамажай.

 

З

Зура зурнада ойнайды,

Зурнада бір ғана Зура

ойнайды деме,

Зара да, Зере де зурнада

ойнайды.

Мұзафар Әлімбаев.

 

И

Инелік илеуде иленбейді.

Итбалық итмұрынды

иіскемейді.

 

Й

Пай-пай-пай,

Жайылып жүр тай.

Ай-ай-ай,

Ұшып кетті торғай.

 

Х

Хан баласы ханзада

Болды ғашық ханшаға.

Алып ханнан хабар,

Ханшайымж\ды табар.

 

Һ

Қаһарлы айдаһар

Шаһарға келіп,

Қаһарланар.

 

Ц

Циркте ойнар аюды

Циркаш десем, күлесің.

"Ц" әріпінен басталған

Цемент сөзін білесің.

 

Ч

Сатып алды чемпион чемодан.

Чемодан алған чемпион чек алған.

 

Ш

Шынтемір

Шықпен шыланған шөпке

Шыңдалған шалғысын

шық еткізді.

Мұзафар Әлімбаев.

 

Щ

Ащы жеген Тазша баланың

аузы ашыды,

Тазша бала тұщы сумен

аузын шайды.

 

Ъ

Съезд, разъезд, подъезд.

Подъезд, съезд, разъезд.

Жаттап ал тез.

 

Ы

Ықылас пен Ыбырай

Ыдыстарын тасымай,

Ырыскүлден үлгі алмай,

Ынтасыз жүр тілді алмай.

 

І

Үш кіші ішік піштім,

Бес кіші ішік піштім,

Неше кіші ішік піштім?

Іске тіл ілесе алады,

Тілге іс ілесе алмайды.

Мұзафар Әлімбаев.

 

Ь

Сұрап Мұрат

Коньки тап.

Байлап майлап,

Аттай шап.

 

Э

Электр шамы жанады,

Этаждар жымың қағады.

Электр жарық бермесе,

Экран сөніп қалады.

 

Ю

Юра Юля ойшылы,

Юла Юляның ойыншығы.

 

Я

Ян-ян-ян

Жүгіріп жүр қоян.

Ян-ян-ян

Бұл қоян емес, шаян!