Газеттерден үзінді

Кім, не дейді?


 

 

Ана тілі газетінен

№29 (1077)21-28 ШІЛДЕ 2011

ОҚЫРМАН ОЙЫ

Апта атауларын қалай қолданып жүрміз?

        Қазақ еліндегі ресми апта атауларының парсы тілінен енгендігі белгілі. Бұл атауларды қазақ тілінің үндестік заңына бағындырып бірнеше ғасырлардан бері  қолданып келеміз. Біздің елімізде парсы тілінен  енген бұл апта атаулары төмендегі тұрғыда  қолданысқа енген: 1-күн-дүйсенбі, 2-күн-сейсенбі, 3-күн-сәрсенбі, 4-күн-бейсенбі, 5-күн-жұма, 6-күн-сенбі, 7-күн-жексенбі. Енді осы сөздердің парсы тіліндегі түпкі мәніне ой бөліп, өз жүгіртіп көрейік: Душамбэ (қазақша дүйсенбі) сөзінің бастапқы буынындағы «ду» сөзі «екі», ал «шамбе» сөзі «сенбі»»немесе «күн» деген мағынаны білдіреді, яғни екінші сенбі немесе екінші күн дегенді: Сэшамбэ (сейсенбі) сөзіндегі «сэ» үш деген сөз, яғни үшінші сенбі немесе үшінші күн дегенді: Чахоршамбэ (сәрсенбі) сөзіндегеі «чахор» - «төрт», яки төртінші сенбі (күн) деген мағынаны; Панжшамбэ (бейсенбі) атауындағы «панж»-«бес» деген сөз, яғни бесінші сенбі (күн) дегенді аңғартады. Жумэ-«жұма» деген сөз. Шамбэ-«сенбі», күн деген мәнде қолданылады.

        Апта атауларының түп-төркіні шыққан Иранда (Персияда) аптаның бірінші күні жексенбіден басталып, соңғы жетінші күні сенбімен аяқталады екен. Ал біздің апта санауымызға келсек, біз бұл атаулардың бастапқы мағынасына жете көңіл аудармай, бір күнді ілгері аттап, оздырып қабылдағанбыз. Бұған сіздер не дейсіздер?

                                                                         Тоймұрат ҚОЖАМҰРАТҰЛЫ

Тараз қаласы

 


ТІЛ ТҰҒЫРЫ-ҰЛТ ҒҰМЫРЫ

        Әрбір ұлт ата-бабаларының өткен заманда қол жеткізген табыстарын мақтан етуі, жеке тұлға ретінде өздерінің шыққан тектерін және кім екендіктерін білулері керек. Сонда ғана баба мен мен оның ұрпағы арасында сабақтастық байланыс және өз ұлтына, оның тарихына, тіліне, сол тілде жазылған туындыларына деген мақтаныш сезімі оянады. Тарихын білмеген, өзін-өзі танымайтын қоғам жадынан айырылған адам.

Раушангүл АВАКОВА,

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың профессоры


 

 ЗЕРДЕ

         Өзге халықтың «меценат» деп дәрежесін биіктетіп айтып жүрген жақсылықтары қазақтың Атымтай жомарт деген атпен қанына сіңген бір қасиеті ғой.

Нұрперзент ДОМБАЙ


ТАРИХ

1456 жылы қазақ хандығы құрылды.Оның негізін қалаушылар Керей хан ( Оның азан шақырып қойған аты:Шахкерей) мен Жәнібек хан(шын есімі Әбу Сайд) лақап есімі Жәнібек, Әз Жәнібек -депте атайды. Қазақтың алғашқы ханы Керейхан болған.                                                                                            

 21.07.2011жыл Ана тілі газеті.



"Otau-tv" телеарналарына ?осылы?ыздар!

Үйге қайттық

Туысшылап үйге қайттық.

Үржарға сапар

Тайқожа мен жұлдыз Үржарға аттанды.

Алматыға оралу

 Бүгін Тайқожа мен Жұлдыздың астанаға сапары аяқталды.

Есіл өзені

Есіл өзенінде қайықпен серундепті