Мақал-мәтелдер

Мақал-мәтелдер

ҚЫЗДАР,АНАЛАР МЕН ӘЙЕЛДЕР ТУРАЛЫ ЖАҚСЫ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕР

         «Алып та анадан туады»  «Ана көрегендігінің теңдесі жоқ» «Ана жүрегі теңізден терең» «Ананың алдында асқар тау да аласа»  «Әйелі жоқ үй-жетім» «Әйел - үйдегі ырысың», Келін - кеңейген тынысың, қыз түздегі өрісің, ал ұл айбарлы қылышың.» «Қыз өссе елдің көркі, гүл өссе жердің көркі»  « Қыз-қонақ», «Қыздың - жолы жіңішке.»

Отбасы туралы

         «Ұяда не көрсең - ұшқанда соны ілесің» «Отан - отбасынан басталады» «Жанұя-шағын мемлекет»  «Үйлену оңай, үй болу қиын» ». «Жалғыздық құдайға ғана жарасады» «Өзің сүйген емес, өзіңді сүйгенді бағала» немесе «Сұлу сұлу емес - сүйген сұлу» «Он үште - отау иесі», «Отызда орда бұзар»

Даналық сөздер

         «Дүниеге бір перзент келсе, бір қозы артық туады.Бір қозы туылса, бір уыс шөп артық шығады. «Тәуекел түбі жел қайық, мінесің де кетесің

Абайдың ғибратты сөздері

          «Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы, ол-ақынның білімсіз бишарасы»

Ақын Мұқағали Мақатаев

           Көңілдегі көрікті ой, ауызға түскенде адыра қала береді

Жақсылық жайында

         «Жақсының жақсылығын айт - нұры тасысын» «Қанына тартпағанның қары сынсын».

Қылмыс туралы

          «Айран ішкендер құтылып - шелек жалағандыр тұтылыпты»

Салт - дәстүр туралы

         «Келіннің иіліп сәлем салуы» «Басқа орамал тағуы», «Ата-ене,қайын- ағалардың атын атамау.

Бата

«Құдай қосқан қосағыңмен бірге жаса»  «Қазақ байыса қатын алады»

 

         Бұл  бір ғана Қазақстан - заман газетінің 21 шілде 2011жылы №29(848) бір санындағы шыққан мақал мәтелдер екен.

 

МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕР

 

Ағадан - ақыл,

Атадан - нақыл.

 

Ер бала ата-анаға таяу,

Қыз бала үйге жаққан бояу.

 

Апам үйі - ақ жайлау.

 

Баланың ұяты әкеге,

Қыздың ұяты шешеге.

 

Әкесін сыйламаған кісіні,

Баласы сыйламайды.

 

Інісі бардың тынысы бар

Ағасы бардың жағасы бар.

 

Өз үйім - өлең төсегім.

 

Жалғыз ағаш үй болмас,

Жалғыз жігіт би болмас.

 

 

Үш ағайынды жігіттің отарда малы бар,

Екі ағайынды жігіттің мойында талы бар,

Жалғыз жігіттің шығар шықпас жаны бар.

 

Балапан ұяда не көрсе,

Ұшқанда соны іледі.

 

Балаға байқап сөйлесең,

Ақылға көнер.

Байқамай шайқап сөйлесең,

Көрсетер бір «өнер».

 

Жасы кіші ініні

Ақылы артса аға тұт.

Жасы үлкен ағаны

Жақсы сыйлап жаға тұт.

 

Атасыз үй - батасыз,

Анасыз үй - панасыз.

 

Жақсы ата - орман,

Жақсы бала қорған.

 

Өсер жастың алдын кеспе,

Өсер ағаштың басын кеспе.

 

Өзінің шарқын білген,

Өзгенің нарқын біледі.

 

Ананың ізін қыз басар,

Атаның ізін ұл басар.

 

Аға әдепті болса, іні әдепті,

Апа әдепті болса, сіңілі әдепті.

 

Жас жемісті жұлма,

Жас баланы ұрма.

 

Ағадан - ақыл,

Ініден - ізет.

 

Әдепсіз бала

Ауыздықсыз атпен тең.

Ақылды қария

Жазып қойған хатпен тең.

 

Бала тәрбиесі - бесіктен.

 

 

Әжемді тыңдағаным -

Өзімді танығаным.

 

Ана алдында - құрмет

Ата алдында - қызмет.

 

Әдепті бала ата-анасын мақтатар,

Әдепсіз бала ата-анасын қақсатар.

 

Анаңа ауыр сөз айтпа,

Атаңа ауыр жүк артпа.

 

Ата - балаға  сыншы.

 

Атаңа не қылсаң,

Алдыңа сол келер.

 

Баланың бас ұстазы - ата-анасы

 

Ата - бәйтерек, бала - жапырақ.

 

Ата тілін алмаған ұлдан без,

Ана тілін алмаған қыздан без.

 

Атадан жақсы ұл туса, есіктегі басын төрге апарар,

Атадан жаман ұл туса, төрдегі басын есікке апарар.

 

Анасын сүйгеннің баласын сүй.

 

Әкең өлсе де, әкеңді көрген өлмесін.

 

Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада.

 

Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер.

Ана сүтін ақтамағанды, ешкім мақтамайды.

 

Әкенің қадірін балалы болғанда білерсің.

 

Ана жақсылығын ауырсаң білерсің,

Қайын жақсылығын қыдырсаң білерсің.

 

Атадан жақсы ұл туса,

Елінің қамын жейді.

Атадан жаман ұл туса,

Елінің малын жейді.

           

Адам болатын бала алысқа қарайды.

 

Әдепті бала арлы бала, әдепсіз бала сорлы бала.

 

Бала - адамның бауыр еті.

 

Бала - көңілдің гүлі, көздің нұры.

 

Жақсы бала - еліне бас болады,

Жаман бала - еліне қас болады.

 

Қарағайға қарап тал өсер,

Қатарына қарап бала өсер.

 

Қыз ырыс емес пе, ұл қоныс емес пе?

 

Өз балаң өзекке тепсең де кетпейді,

Кісі баласы кісендесең де тұрмайды.

 

Тайдың мінгені білінбес,

Баланың істегені білінбес.

 

Талапты бала - талпынған құстай,

Құмары қанбас аспанға ұшпай.

 

Ұлың өссе, ұлықтымен ауылдас бол,

Қызың өссе, қылықтымен ауылдас бол.

 

Ұл - қоныс, қыз - өріс.

 

Ұяты жоқ - ұл жаман,

Қылығы жоқ - қыз жаман.

 

Балам - балым, баламның баласы - жаным.

 

Күнсіз гүл өспес,

Күтусіз ұл өспес.

 

Атадан ұл қалса - өзі қалғаны,

Қыз қалса - ізі қалғаны.

 

Адам болатын бала ағайыншыл,

Бай болатын бала айырбасшыл.

 

Бала күлкіге тоймас, жаман ұйқыға тоймас.

 

Дүниеде бал тәтті,

Бала балдан да тәтті.

 

Талапты бала - талпынған құстай.

 

Қарға баласын аппағым дер,

Кірпі баласын жұмсағым дер.

 

Жеті атасын білмеген  - жетімдіктің белгісі.

 

Бір жақсы қыз -  екі жаман ұлға татиды.

 

Қыз жоқ жерде -  қызық жоқ.

 

Астың дәмін тұз келтірер,

Ауылдың сәнін қыз келтірер.

 

Сенің табаныңа кірген тікен менің маңдайыма кірсін.

 

Алты ұл туған ананы -

Ханым десе болады,

Кезек сыйласқан ағайынды -

Жаным десе болады.

 

              ТИЫМ СӨЗДЕР

Анаңа ауыз сөз айтпа.

Кісіге қарап күлме.

Адамды айналып жүгірме.

Жатқан адамның үстінен аттама.

Адамға қарап керілме.

Адамға қарап есінеме.

Босағаны керме.

Бас киімді теппе.


"Otau-tv" телеарналарына ?осылы?ыздар!

Үйге қайттық

Туысшылап үйге қайттық.

Үржарға сапар

Тайқожа мен жұлдыз Үржарға аттанды.

Алматыға оралу

 Бүгін Тайқожа мен Жұлдыздың астанаға сапары аяқталды.

Есіл өзені

Есіл өзенінде қайықпен серундепті